«Содалит Қостанай» ЖШС зергерлік бұйымдарды өндіру және жөндеу компаниясы болып табылады, сағаттар мен зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада өткізеді.
Біздің компанияның миссиясы — ел және жақын шетелдердегі басқа өндірушілердің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда тұрақты түрде жоғары сапалы және құны жағынан бәсекеге қабілетті өнім шығару мен қызмет көрсету.
Біз ұмтыламыз:
— отандық нарықтағы өз қатысуымызды кеңейтуге, сонымен қатар тұрақты тұтынушылармен серіктестік қарым-қатынасты тереңдетуге;
— өнімімізді тұтынушылар үшін бәсекелестік артықшылықтар жасауға;
— жеткізушілер үшін үнемі өсіп отыратын және сенімді сұранысты қалыптастыруға;
— құрылтайшылар үшін тұрақты табысқа кепілдік беруге;
— кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақының лайықты деңгейін қамтамасыз етуге;
— қызметкерлердің әлеуетін ашуға және тиімді пайдалануға ықпал етуге.
Біздің құндылығымыз — тұтынушылар, компания қызметкерлері, серіктестер, жеткізушілер, құрылтайшылар.
Серіктестіктің сапа саласындағы басты мақсаты — тұтынушылардың талаптары мен үміттерін қанағаттандыратын және ұйымның тұрақты қаржылық жағдайын қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті өнім/қызметтерді жасау.
Мақсатқа жету және тұрақты жетістікке қол жеткізудің негізгі құралы — процестік тәсіл мен тәуекелге бағытталған ойлау негізіндегі ҚР СТ ISO 9001 талаптарына сәйкес келетін жұмыс істейтін сапа менеджменті жүйесі болып табылады.
Мақсатқа келесі міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі:
— тұтынушылардың ағымдағы және болашақтағы талаптары мен үміттерін, өнімімізге/қызметтерімізге қанағаттанушылықтарын объективті бағалауды жүйелі түрде талдау;
— өзара пайда мен үздіксіз жетілдіру қағидаттарына негізделген жеткізушілерді іріктеу және дамытудың тиімді жүйесін құру;
— әрбір қызметкерді шығарылатын өнім сапасын үздіксіз жетілдіру процесіне тартуға ықпал ететін қолайлы орта құру, персоналды сапа саласында жүйелі түрде оқыту;
— қазіргі заманғы әдістер мен прогрессивті технологияларды енгізу есебінен өнім сапасын оны әзірлеу кезеңінде жоспарлау;
— сапаны қамтамасыз ету тетіктерін кіріктіру арқылы өндіріс процесінде өнім сапасын басқару;
— белгіленген талаптарға сәйкес өнім жасау процестерін басқару;
— өнім/қызметтердің заңнамалық талаптар мен тұтынушылардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
— шығарылатын өнім/қызметтердің сапа көрсеткіштерін басқару үшін процестерді ақпараттық қамтамасыз ету;
— тәуекелдердің жағымсыз әсерін болдырмауға, сондай-ақ тұтынушылардың болашақ қажеттіліктері мен үміттерін есепке алуға бағытталған өнім/қызметтердің сапасын жақсарту іс-шараларының нәтижелілігін қамтамасыз ету.
«Содалит Қостанай» ЖШС басшылығы міндеттенеді:
— Саясат туралы хабардар ету және оны ұйымның барлық қызметкерлерінің түсінуін қамтамасыз ету;
— СМЖ нәтижелі жұмыс істеуі және үздіксіз жетілдірілуі үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану;
— өндірістік циклдің барлық кезеңінде персоналдың қажетті ресурстарын, жауапкершілігі мен өкілеттіктерін бөлу.
Директор Кузин Е.А.
20.06.2022 г.